ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ МЕН ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ.

 

ҚР Инвестициялар және даму министрі   Жеңіс Қасымбек  Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық, көлік, транзит және логистика, авиациялық ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.

Тараптар өз кезегінде ынтымақтастықтың дамуына үлкен мүмкіндік беретін Стамбұл-Шымкент, Стамбұл-Қарағанды әуе рейстерінің ашылуын атап өтті. Түркия тарапы Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі үлкен рөліне тоқталды.  Тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. 

Қайнар көз: invest.mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4322