ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕРЛАН ХАИРОВ ШВЕДТІК БИЗНЕС-ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін «Транспорт Тауэр» ғимаратында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Швецияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Матс Фойер бастаған іскерлік делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында көлік инфрақұрылымы саласындағы, Қазақстанның ағымдағы және жоспарланған жобалары жөніндегі ынтымақтастық мәселелері, көлік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және дамыту үшін инновациялық технологияларды енгізу мен Қазақстанның инвестициялық жоспарларының даму тенденциялары талқыланды.

«Қазақстан Швецияны Солтүстік Еуропаның стратегиялық серіктестердің бірі ретінде қарастырады. 2017 жылдың 11 айында Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналым 5%-ға артып, 253 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Швецияға жасаған экспорты 153,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($ 138 млн) 10% -ға артық. Негізгі экспорттық өнім – бидай, қол құралдарының жабдықтары (механикалық қозғалтқышпен немесе механикалық қозғалтқышсыз) және басқа да қондырғылар  мен  соя бұршақтары », - деді Ерлан Хаиров.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан шведтік компаниялармен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын. Қазіргі уақытта Қазақстанда швед капиталымен шамамен 50 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында «Ericsson», «АВВ», «TeliaSonera» («Kcell»), «Scania», «Tele2», «Oriflame», «Electrolux», «Dia verum» сияқты тағы басқа да бірқатар компаниялар бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Швеция арасында бірнеше келісім жүзеге асырылуда. Олардың ішінде инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау келісімі, жолда жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы келісім, қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенция бар. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 2992