ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЕЛІМІЗДІҢ БИЗНЕС АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

 

Кеңес барысында «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар пакеті талқыланды.  

Қолданыстағы заңнамаға аталған түзетулер 2016 жылдың соңында мемлекеттік органдардың, отандық және халықаралық сарапшылардың, еліміздің бизнес қауымдастықтарының ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.

Анықтама: Еске салсақ, жобада «Doing Business» рейтингісінің келесі 9 индикаторы бойынша түзетулерді қарастыратын 6 кодекс пен 15 заңға өзгерістер енгізу ұсынылған: «Меншікті тіркеу», «Кәсіпорындар ашу», «Келісімшарттарды орындау», «Несиелер алу», «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат беру», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен қамту жүйесіне қосу», «Салық салу».

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3433