ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МЕН ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы парламентаралық кооперацияның маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанның әзір екенін жеткізді.

– Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чех Республикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Республикасының Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оның «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына келуін күтеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы 25 жыл ішінде қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қазақстан халқы тарихының бірегей сипатына тоқталып өтті.

Соңында Я.Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. 

Қайнар көзі: akorda.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3427