ҚР СІМ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР: ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУ

Спикердің айтуынша, ең алдымен ЕАЭО, ШЫҰ ішінде халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау және ілгерілетуді қамтамасыз ету, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын Жібек жолы экономикалық белдеуімен үйлестіру, ЭКСПО-2017 базасында ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» стратегиялық жоспарын әзірлеу, дамыған елдердің ең үздік стандарттары мен тәжірибелерін енгізумен бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі. 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген жаңа міндеттерді ескерумен инвестициялар тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өкілетті органмен тығыз өзара байланыста сыртқы саяси ведомствоның қызметін қайта қалыптастыру мен жаңа тәсілдерді қолдану бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сыртқы деңгейде инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды күшейту үшін 10 басымдықты елде (Германия, Франция, ҚХР, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан, Иран,Италия, АҚШ) инвесторлармен мақсатты жұмыс жүргізу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен инвестициялық кеңесшілерді тағайындау туралы шешім қабылданған.

АҚШ, Германия, Франция, Түркия, БАӘ, ҚХР, Ресей елдерінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ бөлім кеңселерін ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Шетелдік дипломатиялық корпус пен бизнес қауымдастық өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды дамыту мақсатында СІМ бастамасымен «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Дипломатиялық бизнес клубы» құрылды. 2016 жылы Астанада дипкорпус пен бизнесмендердің СҚО және Ақтөбе облыстарының әкімдерімен кездесулері өтті. Биылғы жылдың сәуір айында шетелдік елшілердің Қостанай облысының әкімімен осындай кездесуі өтті. ЭКСПО алаңында Ақтөбе облысы мен БҚО-ның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. 

«Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында, Қазақстан  Doing Business 2017 рейтингісінде 190 елдің ішінде 41-ші орыннан 35-ші орынға көтерілді, бұл барлық жылдардағы ең үздік көрсеткіш», – деп атап өтті М. Тілеуберді. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3485