ҚҰРЫҚ ПОРТЫ ЕУРАЗИЯНЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КАРТАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ОРЫН АЛАДЫ – ҚР ИДМ

«Құрық және Ақтау порттары Транскаспий халықаралық көлік бағдарының маңызды түйіндері болып табылады. Мен Құрық портының рөлін ерекше атап өткім келеді, себебі ол жай ғана жергілікті инфрақұрылым нысаны емес, сондай-ақ ол Еуразияның логистикалық картасындағы жаңа нүкте. Онда 4 млн тонна паром жүгі ауыстырып тиеледі, және жаңа, автокөлік паромының тұрғызылуына байланысты биыл желтоқсан айында 2 млн тонна автокөлік жүгін ауыстырып тиеу бойынша жаңа қуаттылықтар енгізіледі», - деді Р. Скляр.

Осылайша, оның айтуынша, Ақтау портының паром қуаттылығына байланысты түйіткілді мәселе биыл шешіледі.

«Сәйкесінше, Транскаспий бағытымен Қытайдан Құрық арқылы Әзербайжанға, Грузияға және Түркияға жіберілетін жүктер – Қара теңіз портына шығатын жолдар дәл осы Құрық арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, біз аталған портқа ерекше маңыз береміз, және оны пайдалануға беру кезінде алдын ала жоспарланған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткіземіз деген сенімдеміз», - деді Роман Скляр. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 8632