МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА 5-ШІ ОРЫНДА

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Онда бірқатар мәселелер көтеріліп, басқарма басшылары баяндама жасады.

Алғашқы болып, «Маңғыстау облысының мемлекеттік жекеменшік әріптестігінің өңірлік орталығы» басқармасының төрағасы Елдан Әлібеков жұмыс-жоспарын таныстырды. Әлібековтың айтуынша, 2015 жылы жекешелендірудің екінші толқыны аясында МЖӘ Орталығының 51%-ын жеке компаниялар жекешелендірген, ал 49%-ы «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі. Қазіргі уақытта «Маңғыстау облыстық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» экономиканың әртүрлі салаларында жалпы құны 273 млрд. теңге болатын 47 жобаларын іске асыруды дайындайды және кеңес береді.

Өңірдің бас ұстазы Зейнеп Тастемірова техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауды іске асыру туралы баяндады. Бүгінде облысында 26 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымында 22 мыңға жуық студент оқып жатыр. Оның 13 мыңға жуығы - мемлекеттік  тапсырыс  бойынша бюджет есебінен, ал қалған 9 мыңы - ақылы түрде  білім алуда. Колледждерде білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша кезең-кезеңмен аккредиттеу процесі жүргізіліп жатыр. Аккредиттеу бұл ұйымның қызметін халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестендіру. Бүгінде, аккредиттеуден өткен колледждер – 5, бұл республикалық көрсеткіштен 9,3%-ға артық. Мамандарды дайындау 91 мамандықта, 169 біліктілік бойынша іске асырылады. 2017 жылы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында 4550 түлек бітірді. Оның 3599 жұмысқа орналасқандар мен өзін-өзі қамтығандар, яғни 79,1% қамтылып отыр. 451 студентті «Жаңа Серпін» орталығымен қайта даярлаудан өткізу арқылы жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Әлемдік тәжірибе - ауыл шаруашылығындағы сандық технологияны пайдалану ұлттық экономикасына маңызды ресурстарының бірі болатындығын көрсетеді. Агро өнеркәсіп кешені жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың бизнес-процестерін автоматтандырудың комплекстік шешімі болып табылатын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пайдаланылуда деді, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Қалдыгүл. БАБЖ-нің 3 жүйелік тармағы бар. «Өсімдіктерді карантині» порталы, «Кедендік одақтық өнімдерін тасымалдаудағы ветеринарлық қауіпсіздігі» порталы, «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеуден өткізу» жүйелік тармағы. Жылдың басынан 1088 фитосанитарлық және 147 карантиндік сертификаттар берілген. Осы жылдың 10 ай ішінде облыс бойынша 8616 ветеринарлық анықтамалар берілген. 95 ветеринарлық – санитарлық қорытындылар, ветеринарлық – санитарлық  бақылаудың 91 тіркелу нөмірлері. Қазіргі уақытта 8189 мамандырылған техника тіркеліп тұр деді, Серік Қалдыгүл. 

Еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында ең дамыған 30 ел қатарына ену көзделген. Осы мақсатта облыс бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттау 51,3%-ға ұлғайту, инвестиция көлемін 98 млрд. теңгеге және еңбек өнімділігін бір адамға шаққанда 15 мың долларға жеткізу жоспарда бар. Бүгінгі таңда облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 312,9 млрд. теңгені құрады. Облыстық Индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Нұрбек Қарасаев. Республикалық деңгейде облыс бесінші қатарда орналасып отыр, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7% өсті – де Облыста орналасқан экспорттаушы негізгі компаниялардың 2017 жылдың 9 айына шығарылған өнім көлемі 11,2 млн. АҚШ доллары (3,9  млрд. теңге), өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 18,4% өсіп отыр.

Аппараттық жиын соңында өңір басшысы бірқатар басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3493