МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚР «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ КЕЛДІ

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов келді. Кездесу барысында өлкедегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жан жақты қаралды.

Бүгінгі күнде Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың динамикалық көрсеткіштері оң нәтижеге ие. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 7 айда 53 мың бірлікті құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 114 мың адамды құрап, олардыңүлесі 37%-ға дейін өсті. Көрсеткіштердің өсуіне елімізде кәсіпкерлікке бағытталып іске асырылып жатырған «Бизнестің жол картасы 2020», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының үлесі зор. Өңірде өзіміздің «Нұр Капитал» 1% шағын және орта бизнесті қаржылық қолдаудың өңірлік бағдарламасы да іске асырылуда.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банктің рейтингісінің нәтижелеріне сәйкес Маңғыстау облысы бизнес жүргізудің қарапайымдылығы бойынша Алматы қаласынан кейін 2-ші орынды иеленіп отыр.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында Маңғыстау облысына мынадай міндеттер жүктелген болатын: әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін отбасылық кәсіп құруға - бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді түрде енгізу. Бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу барысында кәсіпкерлер кәсіпкерлік саласындағы соңғы трендтерге қызығушылық танытатынын айтады. Мысалы, стартап жобаларды қалай тез өтеу туралы, салық бойынша қарапайым тілмен барлық ақпараттар және нөлдік бюджетпен қандай маркетингтік фишкаларды қолдануға болады. Біздің кәсіпкерлер жаңа өнеркәсіптік және коммерциялық нысандарды құруды, қызмет көрсету саласын кеңейтуді қалайды. Осы жобаларды іске асыру үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық және консультациялық қолдау көрсету жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті Серікбай Трұмов.

Жиын барысында Маңғыстау облысындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрбек Қарасаев Кәсіпкерлер палатасының соңғы 8 ай көлемінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4115