МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 11 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

"2019 жылға жоспарланған 13 жобаның  жалпы құны 976 млн.теңгені құрайтын 2-уі іске асырылды. Екі жоба есебінен 37 жұмыс орны ашылды. Олар "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында битум эмульсиясы негізінде гидрооқшаулағыш материалдар шығаратын "SatexChemie" ЖШС және жел электр станциясының құрылысына негізделген "Best group" ЖШС. Келесі 2020 жылға 119 млрд. теңгеге 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 1500-1700 жаңа жұмыс орнын енгізу қарастырылған", - деді  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 840 шетелдік компаниясы жұмыс істейді.

"Маңғыстаудағы инвестициялық ахуал қолайлы. Егер қысқаша тоқталсақ, қаңтар-тамыз аралығында Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік өсім көрсеткіші 98,8% - ды құрады.

Біздің облыстың өнеркәсіп үлесін Тау - кен өндіруші кәсіпорындар құрайды, яғни мұнай компаниялары",-деп атап өтті Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров.

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 2019 жылдың соңына дейін құны 871 млн.теңге болатын 1 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2020 жылға 5,3 млрд.теңге сомасында 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 149 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде шетелдік инвестициялар көлемі - 60,5 млрд. теңге. АЭА аумағында тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемі 324,4 млрд.теңгені құрайды. 1 теңгеге салынған бюджеттік инвестицияларға, 19,1 теңге жеке инвестициялар тартылды. 

Сондай-ақ, 771,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба АЭА-ға мүше болу үшін құжаттарды қарау және жинау сатысында тұр", - деп хабарлады брифингте "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма Төрағасы Бекбол Орынбасаров. 

Маңғыстау облысында 2020 жылға 4 маңызды жобаны іске асыру жоспарланған. Мәселен, түрік инвесторының бастамасы бойынша Ақтау қаласының аумағында құны 60,8 млрд.теңге тұратын қонақ үй кешенінің құрылысы қарқынмен жүргізілуде. 2020 жылдың соңына дейін 1-кезек іске қосылады. Осы жобаны іске қосқаннан кейін 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сингапурлық "WestGasOil" компаниясының (УестГазОйл) бастамасы бойынша құны 684 млрд.теңге метанол мен олефин өндіретін зауытты іске асыру жоспарланған.

"Техногран-Ақтөбе" ЖШС болат шығаратын металлургиялық зауыттың құрылысын бастайды. Жобаның құны 76 млрд. теңгені құрайды.

"Маңғыстау Ойл Рефайнинг" ЖШС құны 7,6 млрд.теңге мұнай өңдеу зауытының құрылысын жүргізеді.

Желілерде бөлісу:

  • 3049