МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «KAZAKH INVEST» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

 Инвестиция тарту – Президентіміз Н.Назарбаевтың назарындағы маңызды мәселе. Мұнай- газ саласында, теңізде, туризм саласында сервистік қызмет көрсетуде бірқатар шешілмеген сұрақтар бар. Елбасының тапсырмасына сай халық демалатын жерлерге ерекше назар аударуымыз керек. Облысымызда кенже қалған агроөндірісті дамытуға мүмкіндік бар. Транспорттық- логистикалық әлеуетіміз даму үстінде. Маңғыстауда инвестициялық жобаларды жүезеге асыруға мүмкіндігі жетеді. Бұл бағытта ұсынылған жобаларды қолдаймыз. Соңғы 2 айдың ішінде 20-ға жуық шетелдік компаниялардың өкілдерін қабылдап, серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Жобалардың жігін жіктеп, инвестиция тартудың жолдарын қарастыруымыз қажет, – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Kazakh invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Біржан Қанешов түбекке жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақтың мүмкіндіктерімен танысқанын және инвесторлармен кездескенін атап өтті.

–Компания Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сай елімізге инвестиция тартып, ел игілігіне жарату мақсатында бір ай бұрын құрылды. Біз еліміздегі және шет мемлекеттердегі ірі компаниялармен келіссөздер жүргіземіз. Алғашқы жұмыс сапарымызды инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалану жағынан алдыңғы қатардан көрінген Маңғыстаудан бастауды жөн санадық. Алдағы уақытта жаңа жобаларды бірге іске асырамыз деген сенімдемін, – деді Біржан Қанешов.

Ұлттық компанияның қызметімен, міндеттерімен таныстырған «Kazakh invest» ҰК» АҚ – ның басқарушы директоры Александр Коноплян жуырда «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсететін қанат қақты жоба жүзеге аса бастайтынын хабарлады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақта жаңа жобаларды жүзеге асыруға  ниет білдірген инвесторларға толықтай жағдай жасалатанынын жеткізді. Аталған компания инвестициялық әлеуеті мол Маңғыстауға инвесторларды бағыттайтын болса, бірге жұмыс жасауға дайын екендігін хабарлады. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 9064