Маңғыстау облысының Акиматының қолдауымен «Ақтау Теңізпорты» арнайы экономикалық аймаққа экскурсия уйымдастырды

 

2016 жылдың 26 ақпан күні Маңғыстау жастары Ақтау қаласының №16 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін техникалық білім беру» жобасы аясында «Ақтау Теңізпорты» арнайы экономикалық аймаққа мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында мектеп оқушыларына «Ақтау Теңізпорты» арнайы экономикалық аймағындағы кеңейту жұмыстары мен жақын арада іске қосылатын жобалары жан-жақты таныстырылып, оның ішінде «Азерсун өңдеу және логистика» орталығының жобасы, жол құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасЖол» ЖШС инновациялық зауыты, «Кис – Актау ЖШС индустриалды құрылыс комбинаты, мұнай саласына қажетті шыны құбыр өнімдер шығару жолдарын көрсетті.  

Желілерде бөлісу:

  • 9526