МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР

Маңғыстау облысы табиғи байлықтарға бай және Каспий жағалауындағы елдерге шығатын жалғыз аймақ болғандықтан инвестиция тартуда үлкен әлеуетке ие екені белгілі. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының өкімімен бекітілген «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауын іске асыру үшін әзірленген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау, әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында өңірлік инвестициялық кеңес құрылды. Өңірлік кеңестің негізгі мақсаты - аймаққа инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі және әкімшілік кедергілерді жою бойынша бірлескен шешімдерді, жобалардың проблемалық мәселелерін қарау және талқылау, жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру және іске асыру арқылы әзірлеу болып табылады.

Отырыстың күн тәртібінде өңірлік Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қызметінің проблемалық мәселелері, Маңғыстау облысына инвестиция тарту стратегиясын жасақтау  мәселелері қаралды. 

Маңғыстауда инвестиция тартудың бірнеше механизмі енгізілгенін атап айту керек. Мысалы, кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық картасы және индустрияландыру картасы жобалары іске асуда. Осы жобалар аймақ экономикасын дамытып, шетелдік инвесторлар көз тартатындай жағдай туғызады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов осы саладағы облысымыздың дамуындағы стратегиялық бағыттары бойынша институционалдық орта, инфрақұрылым сапасының артуы, имидждік ілгерлету және  инвестициялық ахуалға ақпараттық қолдау, басым салаларға инвестиция тарту мәселелерін белгілеп көрсетті. Мысалға, инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесте«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қызметінің мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға, барлық қала, аудан әкімдіктеріне бір аптаның ішінде  аймақтың инвестициялық тартымдылығына жан-жақты талдау жасалған материал дайындауды тапсырды. Оның негізінде облыстың дамуы бойынша стратегиялық жоспар  жасақталатын болады. 

Қайнар көзі; mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3620