МАҢҒЫСТАУДА ЖЕЛ ЖӘНЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНБАҚ

Маңғыстау облысында 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Облыс бойынша 373 білім нысаны, 95 денсаулық сақтау мекемелері, 140 әлеуметтік нысан және 1571 тұрғын үй қорына жылу берілген.

Бүгінгі күні «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС №1 жылу электр стансасының энергетикалық блогын жөндеу мәселесі бойынша  ротор жеткізіліп, кәсіпорын  отындық мазуттың 100% немесе 26 151 тонна көлеміндегі апаттық қорын жинақтаған. 

«Аймақта коммуналдық қызметтерге қарыздарды өндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қарыз 2,1 млрд.теңгеден 1,6 млрд.теңгеге төмендеген»,-деді Сапар Аманбеков.  

Сала басшысы жылыту маусымының сапалы өтуін қамтамасыз  ету мақсатында аудан және қала әкімдеріне келесі жұмыстарды жүргізу қажеттігін айтты.

- Ақтау қаласының жаңа шағынаудандарындағы тұрғын үйлерде жылу жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын  қадағалау және тұрғындардан өтініш түскен жағдайда, уақытылы тиісті шара қабылдау;

- энергоөндіруші кәсіпорындардың алдында коммуналдық қарыздарды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету;

Ал, ЭКСПО көрмесінде ұсынылған технологиялардан өңірімізге 6 жоба енгізілген: (4 жоба - энергетика саласы,  2 жоба - сумен қамту саласы). Жалпы, ҚР Энергетика Министрлігімен 105 технология таңдалған болатын.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында  қуаттылығы 250 МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Жобада АҚШ-тың «Дженерал Электрик» компаниясының газ турбинасы іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда инвесторларды тарту мақсатында конкурс жарияланған.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында қуаттылығы 5 МВт жел электр стансасының және Мұнайлы ауданының Батыр селосында  қуаттылығы 7 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жоба 2018 жылдың 1 тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының Шетпе селосында  қуаттылығы 12 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жылы пайдалануға беріледі деп көзделген.

Аталған жобаларда Германия және Қытай Халық Республикасының жаңартылатын энергия көздері саласындағы соңғы жетістіктердегі технологиялары енгізілуде.

Сонымен қатар, облысымызды сумен қамтамасыз ету мақсатында,  «Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытының құрылысы» және «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жобалары жүзеге асырылатын болады.

Жиында Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының жұмысы туралы сала басшысы Саттар Жұмасейтов баяндады.

Бүгінгі күні инспекция радиожиілік спектрін пайдалану үшін төлем жасауға үшін жалпы құны 1 млрд.11 млн. 200 мың теңгеге 1708 ескерту жасады.

Облыс аумағында жергілікті телефон байланысын 6 оператор қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны - 69333. Интернетке байланыстыруды 6 провайдер қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны 68427. Ұялы байланыс қызметтерін 3 оператор қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта аймақтағы абоненттер саны 980 мың.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының тұрғындар саны 500-ге жеткен елді-мекендерде  ұялы байланыс желісімен қамтылған. Ал, тұрғындар саны одан аз 10 ауылда әзірге байланыс қосылмаған.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3745