МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

рус/eng

Қазақстан Президенті саммитті өткізуге тыңғылықты дайындалу қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Ақтауда бес елдің делегациялары қатысатын Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

«Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалып отыр. Сіздің қойған міндеттеріңіздің бәрі іске асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндірістің көлемі 100,1% жетті», — деді Маңғыстау облысының әкімі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3279