МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды. Ол 2014 жылдан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. Ж.М.Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірді. Ж.Қасымбек әр жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылы наурызда ҚР Инвестициялар және даму вице- министрі болып тағайындалған. 

Қайнар көз: invest.mid.gov.kz  

Желілерде бөлісу:

  • 4111