АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ, ҚР СІМ ЖӘНЕ ҚР ИДМ ИНВЕСТОРЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың, шетелдік және қазақстандық іскер топтардың, халықаралық қаржы институттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвесторлардың құқығын қорғау, Инвестициялық омбудсменнің жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнестің шығындарын төмендету сияқты басқа да мәселелер талқыланды.

Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында өзара іс-қимыл Меморандумына қол қойылды. Инвестициялық қызмет субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан заңнаманың бұзылуна жол бермеу үшін бірлескен мониторинг жүргізу, жедел ақпарат алмасу, тұрақты негізде бірлескен отырыстар өткізу үшін «Protecting Investments» арнайы жобасын құру қарастырылуда.

2017 жылы Инвестициялық Омбудсменге 43-тен астам өтініш келіп түскен. Оның ішіндегі заңды инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге қатысты түскен 11 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды (мәселелер инвесторлардың пайдасына шешілді). 18 өтініші бойынша оларды шешу үшін ұсынымдар енгізіліп, түсініктемелер берілді және кездесулер өткізілді. 14 өтініш инвестициялық омбудсменнің құзыретіне кірмейді. Олар -  шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы дау, сотта қарау және т.б.

Көп жағдайда инвесторлар салық, кеден және еңбек заңнамасы, лицензиялау мен жер қатынастары салалары бойынша кедергілерге жиі кездеседі. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Жарияланған күні: 12-04-2018  
Оқылған саны: 124



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.