ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ АРТҚАН

Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.

Алғашқы болып Маңғыстау облысы Экология департаментінің басшысы Абай Сафин баяндама жасап, 9 айдың жұмыстарын қорытындылады. Департамент басшысының мәліметінше, бүгінге дейін 60 инспекция жүргізілсе, оның  ішінде: 26-жоспарлы, 29-жоспардан тыс, 5-бақылаудың басқа түрлері бойынша. Тексеру кезінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасының 110 талап бұзу фактісі тіркелген. Аталған іс бойынша 107 бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаулық берілген. 2017 жылдың 9 айы бойынша, 85 әкімшілік бұзушылық анықталып, ол 268479,84 мың теңгені құрады.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Халила Нұрғалиева берген мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 100,2%-ды құраған. Өңірдегі өнеркәсіп саласында өсу қарқыны жақсы. Мәселен, табиғи газ өндіру 11,5% -ға артып, 2,3 млрд. текше метрге жеткен. 01.10.2017 жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46,3 мың бірлікті құрады. (2016ж.43,6 мың бірлік) Яғни, былтырдан 6%-ға көп. Экономиканың секторларындағы өсу қарқынын және 2017 жылы өнеркәсіптегі күтілетін өсімді ескере отырып, облыстың ЖӨӨ 101% -ға өседі деп жоспарлануда.

Білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы облыстың бас мұғалімі Зейнеп Тастемірова баяндама жасады. Бағдарламаны іске асыруға облыс бойынша қарастырылған қаражат көлемі 8 133,0 млн.теңге. Оның ішінде: Мектептердің құрылысына Ұлттық қор мен республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржы 3960,3 млн.теңге; Жергілікті бюджет 4173,0 млн.теңге. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту. Бұл бағыт бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесін 84,5% жоспарлап, 84,7% орындадық. Осы жылдың соңына дейін қамтудың жоспарлы көрсеткішін 95%-ға көтеруді көздеп отырмыз, - деді Зейнеп Тастемірова.

Өңірде жекешелендіруді жүргізу барысы туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова айтты. Облысымыз бойынша интеграцияланған жекешелендіру жоспарына сәйкес, тек 31 ұйым бәсекелестік ортаға жіберіледі, оның 19-ы коммуналдық, 12-і жекеменшік. Сатылған активтердің жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құраған. Мұнда коммуналдық меншік үлесі 632 млн. теңге. Ал, «Каспий» ӘКК активтері 530 млн. теңге мөлшерінде. Бүгінгі таңда коммуналдық меншік объектілерін сатудан жергілікті бюджетке 39 млн. теңге құйылды. Қалған 593 млн. теңге 2019 жылы объектіні өтеу бойынша төленуге жататын сома.

Жиын соңында облыс әкімі бірқатар басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3255