ӨҢІР БАСШЫСЫ «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Өңір басшысы Серікбай Трұмов «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қазіргі ахуалымен танысты. 2002 жылы Елбасының жарлығымен құрылған АЭА-ның негізгі мақсаты – инвесторларды тарту. Қазіргі таңда 6 субаймақтың екеуі 98%-ға инвесторлармен толтырылған.

- Қазіргі уақытта 27 ірі жобаның 17-сі іске асырылды. Қыркүйек айында тағы 5 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, - дейді «Ақтау теңіз порты» АЭА басқарма төрағасы Бекбол Орынбасаров.

Бүгінгі таңда аймақта газ, инженерлік желі секілді мәселелер бар. Облыс әкімі осы проблемаларды шешуді, аймаққа инвесторларды көптеп тартып, оларға қажетті жағдайды жасауды тапсырды.

Желілерде бөлісу:

  • 3160