ПРЕМЬЕР-МИНИСТР «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ» ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысымен KAZNEX INVEST Қазақстан Қеспубликасында арнайы экономикалық аймақ Бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын блып анықталды.

Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақ бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығының негізгі міндеті арнайы экономикалық аймақтарды жылжыту және инвестициялық тартымдылығын жоғарылату болып табылады.

International Development Ireland компаниясын тарту арқылы халықаралық тәжірибені есепке ала отырып Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтарды басқару бойынша БҮО құрылымын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. IDI АЭА құру, дамыту және басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар және әлемнің 75 мемлекетінде 250 астам жобалар жұмысында халықаралық тәжірибесі бар.

Нәтижесінде, БҮО ұйымдастырушылық құрылымы әзірленді, ҚР АЭА басқарушы органдарымен, мемлекеттік органдармен және т.б. БҮО құрылымдық бөлімшелерінің сыртқы және ішкі бизнес-процесстерінің қарымқатынастары анықталды; БҮО қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері анықталды, БҮО және АЭА басқарушы органдарының қызметін шектейтін функционалдар анықталды.

БҮО жұмысы, бірінші кезекте арнайы экономикалық аймақтар басқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Жалпы, БҮО функциясы:

1) АЭА қызметінің тиімділігін бағалау және мониторингілеу жүйесін жолға қоюды;

2) басқарушы компаниялар қызметін жоспарлауды;

3) басқарудың халықаралық стандартын енгізуді;

4) корпоративішілік құжаттарда бизнес-процесстерді жолға қоюды;

5) маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді;

6) жобаларға талдау жүргізуді;

7) міндеттерін жауапсыз орындайтын қатысушыларды және басқаларын анықтауды;

8) АЭА инфрақұрылымын жоспарлау және дамыту, оның ішінде АЭА инфрақұрылымын дамытуға қарыз қаражаттарды және жеке инвестицияларды тарту және т.б. көздейді.

Сонымен қатар, БҮО басқарушы компанияларға және АЭА қатысушыларына методологиялық көмек көрсетеді, бұл тек жанжақты қолдаудығана емес, сондай-ақ олардың мүдделерін республикалық деңгейде консолидациялау және жылжытуды көздейді. 

Қайнар көз; invest.mid.gov.kz  

Желілерде бөлісу:

  • 12105