СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАН ЛОГИСТИКА ТИІМДІЛІГІНІҢ ИНДЕКСІ (LPI) БОЙЫНША 11 САТЫҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

 

2016 жылы Қазақстан Логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 77 орынға ие болды, 2014 жылмен салыстырғанда Ресей (99), Украина (80), Өзбекістан (118), Беларусь (120), Қырғызстан (146) сияқты ТМД елдерін, сондай-ақ Иран (96) мен Грузия (130) елдерін озып 11 сатыға жоғарылады.

Логистика тиімділігінің индексі - LPI (Logistics Performance Index) – тауарды жеткізуді жүзеге асырылуының жеңілдігін және ұлттық және халықаралық деңгейде сауда логистикасын қарастыратын Дүниежүзілік банкінің индексі. Көрсеткіш халықаралық саудада жеткізу тізбегінің тиімді жұмысын әр 2 жыл сайын бағалайды (2007, 2010, 2012, 2014 және 2016).

Индекс келесі алты факторды қамтиды:

1) кеденнің тиімділігі;

2) инфрақұрылымның сапасы;

3) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың жеңілдігі;

4) логистикадағы құзыреттілік;

5) жүктерді бақылаудың мүмкіндігі;

6) жеткізу мерзімінің сақталуы.

Соңғы екі жылда Қазақстанның позициясы инфрақұрылымның сапасы (41 сатыға), кеденнің тиімділігі (35 сатыға), халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың жеңілдігі (18 сатыға) және жүкті бақылау мүмкіндігі (10 сатыға) бойынша жоғарылады. Басқа екі көрсеткіштер бойынша кішігірім төмендеу байқалуда.

Осыған дейін логистика саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсыныстарының негізінде Инвестициялар және даму министрлігі мен «Kazlogistics» Қазақстанның көлікшілер одағының арасында Логистика тиімділігінің индексі бағалау көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Логистика тиімділігін жақсартуға бірнеше факторлар әсерін тигізді, оның ішінде көлік саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шекарадан өту уақытының қысқартылуы, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі құжаттардың қысқартылуы, барлық көлік түріндегі және көлік логистикасы саласындағы жеке кәсіпкерліқ субъектілерімен көрсетілетін қызметтердің жақсаруы.

Логистика тиімділігінің индексінің көшбасшылары болып Германия, Люксембург, Швеция, Нидерланды және Сингапур қала береді.

Логистика тиімділігінің индексі бойынша Дүниежүзілік банкінің есебімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады www.lpi.worldbank.org/report 

Қайнар көз: invest.mid.gov.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 4624