ҮКІМЕТ ҚАЗАҚСТАНДА АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ПАКЕТІН ДАЙЫНДАДЫ

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек АЭА қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бірқатар жүйелік мәселелер анықталғанын айтты. Олардың қатарында инфрақұрылым құрылысы қарқынының төмендігі, басқару органдарының жұмыс тиімділігінің аздығы, жеңілдіктерді пайдаланудағы проблемалар, жер телімдерін алу мерзімінің ұзақтығы мен АЭА-дағы салалық шектеулер бар.

Жобалардың сапасын арттыру мен толықтыру мақсатында әрбір АЭА-ны одан әрі дамыту мен толықтыру стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұдан өзге, әкімдіктер жанындағы басқарушы компаниялар үшін бюджеттік бағдарламаны қарастыру жоспарланған, ол бойынша әкімдіктер осы компаниялардың қызметін дамудың бастапқы кезеңінде, яғни инвесторлардың АЭА-да қажетті жиынды толықтырғанға дейін (3-5 жыл) қаржыландырады.

Бұдан өзге, салықтық және өзге де жеңілдіктер беру үшін АЭА қатысушыларын салықтық әкімшіліктендіру тетіктерін оңтайландыру жоспарда бар. Қазіргі таңда, сондай-ақ, қызметтің басымдықты түрлеріне жатпайтын жаңа жобалар бойынша шешімдер қабылдау үдерістерін жылдамдатуға мүмкіндік беретін заң жобасы ҚР Парламентінің қарауында жатыр. Сонымен қатар жер телімдері мен өзге де рұқсат құжаттарын алудың жеңілдетілген тәртібін қарастыру жоспарланған.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде түрлі салалық бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде 10 АӘА құрылған. АЭА режимі «Қорғас – Шығыс қақпасы» соңғы буынның логистикалық кластерін құруға, Астанада темір жол машинасын жасауға, «Оңтүстік» АЭА-да тоқыма өнеркәсібін қайта қалпына келтіруге және «Химпарк Тараз» бен «ҰИМТ» АЭА-ларында химия және мұнай-химиия кластерінің негізін қалауға мүмкіндік берді.

Бүгінде АЭА аумақтарында 154 жоба іске қосылған, 651 млрд теңге инвестиция салынған, 11 600-ден астам жұмыс орны ашылған. Бюджетке салық түрінде 107 млрд-тан астам теңге қайтарылған. Қатысушылар инфрақұрылымға жұмсалған бір бюджеттік теңгеге 2 теңгеден астам инвестиция салған. Биыл 3 мың жаңа жұмыс орны ашылатын қосымша 24 жобаны іске қосу жоспарда бар.

Аталған тақырып бойынша бизнес қоғамдастықтың позициясы туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтып өтті. Сондай-ақ, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының әкімдері баяндамаларымен таныстырды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев АЭА-дағы инфрақұрылым құрылысының барысы туралы баяндады.

 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4075