ҮНДІСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚҰРУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

Астана және Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаевтің көмегімен Үндістанның «Jaypee Group» компаниясының басшылығы мен қазақстандық мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке меншік компания, сонымен қатар Астана және Алматы қаласының әкімшілігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Экономиканың әртүрлі саласындағы мәселелерге байланысты үндістандық кәсіпкерлер ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қазақстанның Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Борисбий Жангуразов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Вице-президенті Санжар Елубаев және бірқатар қазақстандық компаниялар мен банктер басшылығымен келіссөз жүргізді. «Jaypee Group» делегациясына Санни Гор холдингінің Қосарлас төрағасы және Басқарушы директоры басшылық етті. Компания басшысымен бірге басқа да негізгі компания басшылары Қазақстанға келді.

«Jaypee Group» қызметі энергетика саласынан бастап медициналық қызмет көрсетуге дейін кеңінен созылған Үндістаннның ірі конгломераттарының бірі. Үндістандық холдинг менеджменті Қазақстанда екіжақты ынтымақтастықты көздей тұра, келесідей жобаларда әртараптандырылған бизнес ашуға және жүргізуге айтарлықтай қызығушылық  білдіруде: «EXIM Bank of India» (Export–Import Bank of India) кредит желісін ашу мүмкіндігі бар ҚР-ның облыс орталықтары арасындағы магистральдардың құрылысы, үндістандық білікті дәрігерлерді тарту арқылы халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында Қазақстанның бір медициналық мекемені жекешелендіруге немесе қол астына басқаруға алу, төмен және орташа қуатты су электр станциясын салу және пайдалану, Астана және Алматы қаласында, сонымен қатар курорттық аймақтарда қонақ үйлер салу, тыңайтқыштарды өндіруге және экспортауға қатысу, ҚР-да IT-орталығын құрылыс салу жұмыстарына қатысу мүмкіндігі арқылы оның болашақтағы функционалдығына қолдау көрсету. Жалпы, үндістандық кәсіпкерлер Қазақстанның инвестициялық ахуалы жайлы оң көзқарас көрсетеді және болашақта бизнестің барлық бағыттары бойынша сәтті ынтымақтастық жасасуды күтуде.

Кездесулер нәтижесінде, «JayPee Group» және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында «Өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылды.

АНЫҚТАМА 

«JAYPEE GROUP»

«Jaypee Group» инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және құрылыс, цемент өндіру, энергетика, көмір және темір кенін өндіру, қонақ үй бизнесі, денсаулық сақтау, ақпаратттық технология, білім беру саласындағы инфрақұрылымы әртараптанған холдинг. Бизнес-топтың жалпы жылдық табысы 2 млрд. АҚШ долларына тең болып есептеледі. Қызметкерлер штаты 25 000 жуық адамды құрайды. Бизнестің стратегиялық дамуы инфрақұрылымның дамуымен байланысты.

KAZNEX INVEST

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» Акционерлік қоғамы – қазақстандық шикізаттық емес экспортты ілгерілету мен дамытуға және экономиканың басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етуге тартылған ұлттық даму институты. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3481