УНИВЕРСИАДА-2017-НІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы өзінің мыңжылдық тарихымен екі аптаның ішінде спорт сүйер қауымның сүйікті қалаларының біріне айналғанын атап өтті.

Өткен жарыстардың нәтижесінде Қазақстан 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан спорттағы осындай жоғарғы жетістіктерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында қол жеткізгенін айтып өтті. Премьер-Министр Мемлекет басшысына салтанатты рәсімге қатысқан барлық қонақтардың атынан алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев қазақстандық спортшылардың лайықты көрсеткен өнерлері зейінді еңбек пен жаттықтырушылар мен командалардың үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін айтты.

Анықтама:

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтті. Қысқы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі енді: мәнерлер сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей (ерлер, әйелдер), керлинг, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл. Жарыстарға шамамен 2 мың спортшы қатысты. Универсиада өткізу кезінде Алматыға шамамен 30 мың отандық және шетелдік туристер келген.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4346