«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА АУМАҒЫНДА ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ

 

Маңғыстау облысы, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында аражабын тақталарын өндіретін ең жоғары технологиялық кәсіпорын іске қосылды. Бірегей жабдықтың өнімділігі, қысқа мерзімде бүкіл аймақты көп қабатты үй құрылысы үшін, сапалы және монтаждауға толығымен дайын бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірегей жобаның құны (I кезең) - 360 млн.тг. Оның қуаттылығы жылына 432 мың шаршы метр темір-бетон бұйымдары. Американдық  өндіріс шығарған жабдық, ауысымда 200-ге дейін аражабын тақталарын өндіруге мүмкіндік береді. Арнайы қоспалардың есебінен, бетонды толық кебу үшін булау қажет емес. Барлығы 18 сағатта  ол қамтылады және бұйым құрылысқа дайын болады.

- Біз тұрғын үй құнының бағасы айтарлықтай арзандайды деген сенімдіміз. Бұл өте маңызды. Одан кейінгі мақсат - жұмыс орындарын құру. Біздің өнім бәсекеге қабілетті  және өңір тұрғындарының қалтасына сай болуы тиіс. Біздің ойымызша, бұл кешен жергілікті немесе шетелдік сәулетшілерге қалада басым болып келетін қорап-үйлер емес, әдемі ғимараттар салуға мүмкіндік береді, - деп Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Рақымбек Маршалұлы атап өтті.

Үй құрылысы комбинатының директоры Вячеслав Цойдың айтуынша, АЭА аумағында салық салудың жеңілдікті режимі кәсіпорын өнімдерінің 10 пайызға арзандатылуына, ал ол өз кезегінде тұрғын үй құнының 10 пайызға төмендетілуіне әкеледі.

Бірінші кезекте, комбинат өнімдері Маңғыстау құрылыс нарығына бағытталған, кейін құрылыс материалдары Қазақстан бойынша ғана емес, шетелге де сатылатын болады.

Ақтаудағы үй құрылысы комбинаты «ДСК-Ақтау» ЖШС бүгінгі таңда шамамен 15 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Жақын болашақта, бұл сан қосымша өндірістік желілердің ашылуына байланысты 80 адамға дейін артады.

2017 жылы комбинат басшылығы тұрғын үйлердің құрылысына қажетті  ішкі және сыртқы қабырға тақталарын, қадалар, баспалдақ сатыларын, арқалықтар, іргелік блоктар, құмблоктар, құдықтарға арналған темірбетон сақиналарын, және басқа да құрама темір-бетон бұйымдарын өндіру үшін желіні іске қосуды жоспарлап отыр. 

 

Желілерде бөлісу:

  • 10011