«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА ЖАҢА РЕЗИДЕНТТЕР ТІРКЕЛДІ

АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы келісімге «Мирас-Тобыш» ЖШС және «Kazakhstan Chemical Products» ЖШС қол қойылды.

«Мирас-Тобыш» ЖШС жобасы құны 85 млн.теңгені құрайтын табиғи тастарды өңдеу және кесу бойынша зауыттың құрылысы болып табылады. «Kazakhstan Chemical Products» ЖШС инвесторы 46 млн.теңге көлемінде инвестициясымен экологиялық био дәретханалар шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, бүгінгі күні «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 32 резидент тіркелген.  АЭА кәсіпорындарында 1650 астам адам жұмыс істейді. АЭА құрылған сәттен бастап тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 119 млрд. астам теңгені құрайды.

Желілерде бөлісу:

  • 4806