«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ.

 

"Қазақстанда жасалған" көрмесіне облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова қатысты. Металлургия, химия, тамақ, жеңіл, машина жасау өнеркәсібі, сонымен қатар құрылыс индустриясы саласындағы өндірушілер ең алдымен тек ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті болуы тиіс отандық өнімдерін таныстырды. Өз сөзінде, аймақ басшысының орынбасары өздерін ең үздік отандық тауар өндірушілері деп танытқан, ең дамыған өңір кәсіпорындарын атап өтті.

"Ақтау теңіз Порты" АЭА тарапынан "КИС-Ақтау" ЖШС, "Каспиопласт" ЖШС және "Arcellor Mittal Tubular Products Aktau" ЖШС компаниялары қатысты. Аймақтың барлық алдыңғы қатарлы компаниялары, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін өңір басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.  

Желілерде бөлісу:

  • 11527