«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА» АҚ МЕН БРИТАНДЫҚ «KAZAKH INDEPENDENT POWER LIMITED» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 2020 жылғы 6 сәуірде «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен британдық «Kazakh Independent Power Limited» компаниясы арасында Қазақстан Республикасында арнайы құрылған еншілес компаниялардың көмегімен «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 2 ірі инвестициялық жобаны іске асыру туралы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

1 жоба – «Aktau Clean Energy» ЖШС құрамдастырылған циклдегі қуаты 250 МВт бу – газ энергетикалық станциясын салу және пайдалану (жобаның құны - 97 млрд.теңге, 250 жұмыс орны).

Бұл қондырғы Қазақстанда зиянды шығарындылардың ең төмен деңгейі бар аралас циклдің сұранысқа ие және тиімділігі жоғары жылу электр станциясы болады деп күтілуде.

2 жоба – «Digital Silk Route» ЖШС экологиялық таза энергияда жұмыс істейтін және оптоталшықты кабель арқылы қосылған Каспий деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалану (жобаның құны - 151 млрд.теңге, 400 жұмыс орны).

Бұл жоба Солтүстік Америка, Еуропа мен Азияны қосатын ірі жаһандық деректерді өңдеу орталықтарына бірігуге мүмкіндік береді.

Бүгінде инвестор «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы сертификатын алу үшін құжаттар жинау және жобалардың ТЭН әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметі  

Желілерде бөлісу:

  • 6310