№ 1 Субаймақтың инфрақұрылымы бітуге жақын. Бұл жөнінде «Ақтау теңізпорты»АҚ хабарлайды.

 

№ 1 субаймақтың аумағы 294 га оның инфрақұлымының жалпы құны 4 млрд тенгені құрайды. Қазіргі таңда инвесторлар өздерінің зауыттарын салуға дайын екенін білдіруде. 

№ 2 және №4 субаймақтарының техника-экономикалық дәлелдеулері аяқталды. Құрылыс көлемі және қаржы шығындары үлкен болғандықтан бұл жұмыстар бірнеше лоттарға бөлінген.№ 2 субаймақтың бастапқы құны 11 млрд тенгені құрайды, Жобалау сметалық құжаттамасы аяқталған соң жобаның құны өсуі мүмкін.

№ 2 субаймақ Азот тыңайтқыштар зауытына (АТЗ) қарама-қарсы орналасқан. Бұл аумақты қалпына келтіру үшін топырақ тасымалдауы және оның нығыздап қатайтуы көптеген шығынды талап етеді. Екі субаймақты қаржылыандыру, жобалау сметалық құжаттама аяқталған соң басталады. «Ақтау Теңізпорты» АЭА» АҚ 2002 жылдан бастап іске қосылғанымен аумағында кәсіпорындар аз деп жие сынға түсеміз. 2003 жылы «Ақтау Теңізпорты» АЭА» бар болғаны. 227  гектарды құрады, соның ішінде 145 га Теңіз Порты қарамағында, қалған жер бөлігін 3  жобаға берілді.

«Ақтау Теңізпорты» АЭА» аумағы 2008  жылдың аяғында 2000 гектарға кеңейтілді. Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан ешкімге тиесілі емес бос жерлер берілді, 2009 жылы № 3 субаймақтың техникалық-экономикалық дәлелдемесіне және жобалау сметалық құжаттамасын дайындауға Республикалық Бюджеттен қаражат бөлінді, 2009 жылы толықтай жобалау жұмыстары атқарылды. Ал 2010 және 2012 жылдары құрылыс жұмыстары қаржыландырылды, №3 субаймақтың инфрақұрылымы жалпы құны 3.3 млрд тенгені құрады. 2012 жылы қараша айына таман субаймақтың инфрақұрылымы толықтай іске қосылды, Инвесторларды «Ақтау Теңізпорты» АЭА» тарту жұмыстары жүргізілді, Жобаны нысандарын сол жерге бейімдеуге 1 - жылға дейін уақыт кетеді. 2012- 2013 жылғы жобалар бүгінгі таңда іске асырылуда.

Алдыңғы жылы «Ақтау Теңізпорты» АЭА» 4 - жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы 8-9 жоба іске қосу жоспарда. Келесі жылы № 3 субаймақта жоспарланған барлық жобалар іске қосылады.

Толығырақ: Lada.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 10104