ҚазРусEng

Инвесторларға байланыс нөмірі

+ 7 (7292) 30-27-72

Бүгін жұма,
20 қазан 2017 ж.
Ақтау ауа-райы+14.2°C
Валюта бағамы KZTUSD = 334.11
EUR = 394.65
RUB = 5.81
АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРҒАҚ ЖҮКТЕРДІ АУЫСТЫРЫП ТИЕУ КӨЛЕМІ АРТУДА

 

Ақтау портында құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу бойынша өсім байқалады. Металлдарды ауыстырып тиеу бойынша 25 %-ға, астыұ пен паромдық жүктерді ауыстырып тиеу бойынша жұмыс көлемі 2 есеге дейін өскен. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, биыл  9 айда порт арқылы 10 мың автокөлік құралдары тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

Жыл басында «Бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды ресімдеудің жаңа тәртібі енгізілді.  «Бір терезе» арқасында құжаттарды ресімдеу жұмыстары 2,5 есеге қысқарды (орташа 4 сағатқа).  Сондай-ақ, порттарда автокөлік жүргізушілеріне барлық жағдай қарастырылған. Жүктерді өңдеу жұмыстарын оңтайландыру үшін өндірістік процестерді автоматтандыру жалғасуда.

Министр атап өткендей, «Осы шараларды жүзеге асыру арқылы Ақтау портында Каспий теңізіндегі жалпы жүк айналымының көлемін 35 %-ға дейін арттырылады, құрғақ және паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің өсуіне жол ашылады».

2015 жылдың нәтижесі бойынша жалпы жүк айналымында 22%-дық үлеспен Ақтау порты Каспийде көшбасшылық орында қалуда.

Өткен жылы Ақтау портында қуаттылығы 3 млн. тоннаны құрайтын 3 құрғақ жүк терминалдарының құрылысы аяқталды. Құрық портында қуаттылығы жылына 4 млн. тоннаны құрайтын паромдық кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Нәтижесінде теңіз порттарының өткізу мүмкіндігі 23,5 млн. тоннаға дейін жеткізіледі.   

Қайнар көзі: invest.mid.gov.kz  

Жарияланған күні: 02-11-2016  






Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.