АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушылары үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Жауап: САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

АЭА барлық қатысушылары үшін мынадай жеңілдіктер көзделген:

корпоративтік табыс салығынан (КТС) босату;

жер салығынан босату;

мүлік салығынан босату;

• АЭА аумағында өндіріс кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату.


КЕДЕНДІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

АЭА аумағына тауарларды шеттен ӘКЕЛУ Кезінде

Кедендік баж салығынан босату.

АЭА аумағынан тауарларды ӘКЕТУ кезінде

АЭА аумағынан Кеден Одағының (КО) кеден аумағының қалған бөлігіне әкетілетін КО тауарларына кедендік баж салығы төленбеуі тиіс.

АЭА аумағынан КО кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін КО тауарларына экспорттық кедендік баж салықтары салынады.

Егер АЭА аумағынан КО кеден аумағының қалған бөлігіне әкетілетін шетелдік тауарларда КО тауарлар мәртебесі болмаса, кедендік баж салығы төленуі тиіс.

Егер шетелдік тауарлар АЭА аумағында пайдаланылмаған және өңделмеген болса, онда экспорттау кезінде (үшінші елдерге), тауарды "реэкспорт" кеден бажынан босатады.

Егер шетелдік тауар АЭА аумағында өндірілсе, онда экспорттау кезінде 07.06.2010 ж. № 520 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес экспорттық баж төленеді.

Кедендік жеңілдіктер туралы толығырақ ақпарат кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар мәселелері және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі жөніндегі Келісімде (Санкт-Петербург қ., 18 маусым 2010 жыл) көрсетілген.


БАСҚА ДА ЖЕҢІЛДІКТЕР

Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, бірақ ішкі еңбек нарығында үміткерлерді іздемей-ақ оңайлатылған тәртіппен.

Мерзімі 2028 жылға дейін тегін жер телімі.





Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушыларына коммуналдық қызмет тарифтері қандай?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында қандай инженерлік инфрақұрылым бар?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жер телімін алу рәсімі және жер телімінің рәсімдеу мерзімі қандай?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жер телімін қалай алуға болады?


Сұрақ: Салықтық жеңілдіктерді алу шарттары?



Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорындар мен жер телімінің мәртебесі қандай болады?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушылары үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?


Сұрақ: Шетелдік заңды тұлға "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның қатысушысы бола алады ма?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы мәртебесін алу үшін негізгі шарттар қандай?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қандай қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады?


Сұрақ: Қалай "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы болуға болады?



 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.