АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
Сұрақ: Қалай "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы болуға болады?

Жауап: 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әлеуетті қатысушы өтінімді қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағышта мынадай құжаттарды қоса беру керек.

1. Уәкілетті органның нысаны бойынша бекітілген өтініш берушінің сауалнамасы;

2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

3. Өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. Сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;

5. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

6. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы заңды тұлғаның жоғарғы органы шешімінің көшірмесі;

7. Соңғы есеп беру күніне өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастырушы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған қаржылық есептіліктің көшірмесі;

8. Уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

9. Өтініш берушінің қызмет көрсететін банкіндегі банктік шоттарынан ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді және кредиттік тарихтағы толық немесе ішінара мәліметтері бар ақпаратты қамтитын кредиттік бюродан кредиттік есеп;

10.  Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер берешегінің болуы немесе болмауы туралы тіркеу орнының есебі бойынша мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

11.  Өтініш берушінің қаржылық қамтамасыз етуін растайтын құжаттар.


Арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өтініш беруші өтінім берген кезде:

1) өтінімді берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;

2) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді;

3) құжаттар толық болған жағдайда, АЭА-ға қатысушы ретінде инвестициялық қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалады.  





Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушыларына коммуналдық қызмет тарифтері қандай?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында қандай инженерлік инфрақұрылым бар?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жер телімін алу рәсімі және жер телімінің рәсімдеу мерзімі қандай?


Сұрақ: «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жер телімін қалай алуға болады?


Сұрақ: Салықтық жеңілдіктерді алу шарттары?



Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорындар мен жер телімінің мәртебесі қандай болады?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушылары үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?


Сұрақ: Шетелдік заңды тұлға "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның қатысушысы бола алады ма?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы мәртебесін алу үшін негізгі шарттар қандай?


Сұрақ: "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қандай қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады?


Сұрақ: Қалай "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы болуға болады?



 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.