Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жалпы ауданы 2140 гектарды құрайды.
АЭА аумағы қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан 9 жеке субаймаққа бөлінген (субаймақ № 1 – 298,3 га, субаймақ № 2 – 490 га, субаймақ № 3 – 194,5 га, субаймақ № 4 – 147,7 га, субаймақ № 5 – 640,4 га, субаймақ № 6 – 39,6 га, субаймақ № 7 – 343,4512 га, субаймақ № 8 – 130 га, субаймақ №9 - 10 га, субаймақ №10 - 1,5265, субаймақ №11 - 26,6942).
Жер телімі АЭА қатысушылырына, АЭА аумағында инвестициялар қызметін атқару туралы келісім- шартқа қол қойылған кезден бастап, уақытша ақылы жер пайдалану құқығы 2028 жылға дейін беріледі.
АЭА субаймақтары үшін инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттамалар және Мемлекеттік сараптама қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
№ 3 Субаймақтың инженерлік инфрақұрылым объектілері.
- әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
- өткізу пункттері (а/ш, теміржол)
- асхана
- механикалық жөндеу цехы
- қоршаулар
- сумен жабдықтау және канализация
- газбен жабдықтау және төмен ағымды желілер
- ПС-110/10 электрмен жабдықтау
- автожол
- темір жол
Объектілер құрылысы 100% аяқталды.
№ 1 Субаймақтың инженерлік инфрақұрылым объектілері.
Инженерлік инфрақұрылым объектілері № 1 субзондар.
- әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
- өткізу пункттері (а/ш, теміржол)
- қоршаулар
- сумен жабдықтау және канализация
- газбен жабдықтау және төмен ағымды желілер
- ГПП-110/10 электрмен жабдықтау
- автожол
- темір жол
Объектілер құрылысы 100% аяқталды.
№ 2 және № 4 Субаймақтар
Қазіргі уақытта №2 және №4 субаймақта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін және көлік-жол желісін салу үшін ЖСҚ әзірленуде.
№ 5 және № 6 Субаймақтар
АЭА одан әрі дамуы үшін № 5 және № 6 субаймақтардың ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр.