ҚАЗАҚСТАНДЫ ӨЗБЕКСТАНМЕН ЖАЛҒАСТЫРАТЫН АВТОЖОЛ АШЫЛДЫ

Бүгін Бейнеу ауданы, Тәжен ауылында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Мамин Асқар Ұзақбайұлы және Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Арипов Абдулла Нигматұлы қатысты.

Бұл жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан Республикасы арқылы өзге елдерге шыға алатын болады. Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропа бағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады. 

Жолдың жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірлік техника жұмылдырылған.

Мемлекетаралық маңызы бар осынау елеулі жоба  Қазақстан  және Өзбекстан елдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтың артуына септігін тигізетін болады.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4650