МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

рус/eng

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қабылдады.  Ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен кездесуге келген халық қалаулылары Сакен Өтебаев,  Кәрібай Мусырман,  Асылбек Смағұлов, Тарас Хитуов.

Кездесу барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тамыз айында өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық туралы баяндады. Бұл шара аймақ үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызы зор екенін атап өтті. Депутаттар облысымыздағы оң өзгерістерге кеңінен тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий маңы мемлекеттерінің алғашқы саммиті 2002 жылы Ашхабадта, екіншісі - 5 жылдан кейін Тегеранда, үшінші жылы - 2010 жылы Бакуде, төртінші жылы – Астраханда өтсе, кезек бұл жолы Қазақстанға тиесілі. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5946