ӘЛЕУЕТТІ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 07 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы мен Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер Палатасы басшылығының қатысуымен әлеуетті инвестор - "Кеме жабдықтары және сервис" ЖШС-мен кездесуі өтті. Кездесу барысында әлеуетті инвестор Каспий теңізінің жағалауында кеме жөндеу зауытын салу үшін инвестициялар салу жоспарларын айтып, өңірдегі жобаның перспективалары және өзге де мәселелер талқыланды. Жоба бойынша жоспарланған инвестиция көлемі 2 млрд. теңгені құрайды, 150 жұмыс орнын құру көзделген.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 5629