АЭА-НЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ҚАТЫСУШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына ACE Group компаниясының өкілдері келді.

Компания 200 млн.АҚШ. доллары көлемінде көлік-логистикалық орталық салуды жоспарлап отыр.

ACE Group компаниясының инвестициялық тобының өнеркәсіптік сектордағы тауарларды жеткізу саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 мамырында Нұр-сұлтан қаласында өткен "Kazakhstan Global Investment Roundtable" жаһандық инвестициялар жөніндегі жыл сайынғы дөңгелек үстелде Маңғыстау облысының әкімдігі "Shanghai Ace Investment group" компаниясымен "Ақтау теңіз порты"АЭА аумағында жеткізу тізбегінің құрылысы саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Желілерде бөлісу:

  • 5775