АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОН ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

рус/eng

Бүгін Астана қаласында Жапониядағы ҚР Елшілігінің және «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен Қазақстан-Жапон форумы мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторы бірлескен комиссиясының 7-ші отырысы өтті. Форумның аясында Жапонияның ең ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылған. 

Форумның ашылуында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабикенов Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі болып табылатынын белгілеп өтті. Елдеріміздің арасында 2015 жылдан бері Инвестицияларды көтермелеу  және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жалдардан бастап шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге үміт артты. Жапония Қазақстанның ең ірі инвесторлардың қатарына кіреді. 2005-2017 жж. аралығында Жапониядан Қазақстанға тура инвестициялардың жаппай ағыны 5 млрд.-тан аса АҚШ долларды құрады», - деді А.Қабикенов және жапондық компанияларды ҚР жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер жөніндегі вице-министрі Тадао Янасэ жапондық компаниялардың Қазақстанға инвестициялар жасауға қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

Қазақстан-жапон экономикалық комиссия төрағасының орынбасары, «ИТОТЮ» корпорациясының кеңесшісі Тосиюки Косуги мырза, олардың компаниялары Қазақстанға өнеркәсіптік жабдықты, мұнай өнеркәсіптік химияны және талшықты импорттайтынын белгілеп өтті, дегенмен Қазақстандағы қазіргі инвестициялық орта елеулі өзгерістерге ұшырады. «Қазір бізден жаңа бастамаларды жүзеге асыру талап етіледі, бұл біздің даму стратегиямызбен ұйқас келеді. Өткен жылы Қазақстан Үкіметі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдады, және мен әрі қарай көптеген бағыттарда нақты екі жақты қарым-қатынасты қалыптастырғанымызды қалаймын», - деді ол.

Форумда ынтымақтастық туралы бір қатар меморандумдарға қол қойылды. Сөйтіп, «KazakhInvest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Марубэни Корпорейшн» компаниясының вице-төрағасы Ямадзоэ Сигеру Алматы қаласында қалалық көлікті дамыту бойынша жалпы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. 

«Қазіргі уақытта Алматыда біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасының аясында жеңіл рельстік көлік желісін салу бойынша жобаны жүзеге асыруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Құрылысқа, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешуден басқа, біз ЖРК қалалық жоспарлаудың құрама бөлігі ретінде қарастырып, цифрлық инфрақұрылымды құруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, және осылайща, қала тұрғындарын жайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз», - деді Ямадзоэ Сигеру.

«КазЦентр ЖКХ» АҚ, «Mitsui&CoLTD» және «JapansystemPlaningLTD» арасында жылу мен сумен жабдықтау жүйелерінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, «Kazakhstan Nuclear Power Plants» пен «The Japan Atomic Power Company»,«Marubeni Utility Services Ltd» арасында ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Сонымен қатар, форум аясында «Ақпараттық технологиялар саласындағы және цифрлық саладағы ынтымақтастық – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы», «Пайдалы қазбалардың кең орындарын өндіру және игеру саласындағы ынтымақтастық», «Энергетика және экологияны сақтау саласындағы ынтымақтастық», «Қазақстан мен Жапония арасында бизнестегі жаңа бағыттар» тақырыптық панельдік сессияларында талқылау жүргізілді.

Анықтама: 2005 жылдан 2017 жылға дейін кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тура инвестициялардың жаппай ағыны 5 725 млрд.-тан аса АҚШ долл.-ды құрады. 2018 жылдың 1 мамырға жағдайы бойынша Қазақстанда жапондық тарапының қатысумен 77 заң. тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 7241