ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Астанада Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған Қазақстандағы белсенді жұмысы үшін шетелдік инвесторларды марапаттаудың төртінші рәсімі өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Инвестиция министрлігінің ««KAZNEX INVEST» Экспорттау  және инвестициялау жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Салтанатты рәсім шетелдік инвесторлар, шетелдік дипломаттық өкілеттік басшыларының, іскерлік ассоциациялары мен ұйымдарының қатысуымен өтті.

Инвестициялық белсенділігі үшін Қазақстанның индустриялануына, инвестициялық қызметтің кеңеюі мен экономика секторындағы агроөндірістік кешен, тағам өндірісі, мұнай-газ және құрылыс индустриясы, автомобиль құрастыру, химиялық сала, тау-металлургия кешені, көлік инфрақұрылымы сияқты жоғары технологиялық өндірістің дамуына үлес қосқан  10 компания аталды.

Инвестициялар және даму министрлігінің 2016 жылғы марапатын Қазақстанда бір жылдан жиырма жылға дейін табысты қызмет еткен мынадай компаниялар алды: Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «КПО» бірлескен кәсіпорны, Tenaris итальяндық құбыр өнімін өндіруші және жеткізуші, жапондық MarubeniCorporation уран өндіру, HeidelbergCement неміс құрылыс материалдарын өндірушісі, экологиялық таза отын дамытумен айналысатын  KOLON оңтүстік кореялық компания, «ЭФКО» ресейлік май өндірушісі, Kelun Kazpharm қытайлық фармацевтикалық компаниясы, Pladis түрік кондитер бұйымдарын өндіруші компаниясы (Қазақстанда ULKER деген атпен белгілі). Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан инвестициялық белсенділігі үшін «Қайта құру және Даму Еуропалық Банкі» және үкімет пен шет инвесторлармен арасында қатынас орнатудағы үлесі үшін «Шетелдік инвесторлардың Қазақстан Кеңесі» ассоциациясы марапатталды. 


Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5665