"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСШЫЛЫҒЫ "КАСПИЙ ӘКК" АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "ПАРАСАТ" ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ А.С. СМАҒҰЛОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы "Каспий ӘКК" АҚ басшылығының қатысуымен "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.С. Смағұловпен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметімен танысу, АЭА аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін, оның ішінде инвестициялар көлемі 3 млрд. теңгеден асатын, 150 жұмыс орнын құруды көздейтін электр автобустарын құрастыру және шығару бойынша жобаны қарастыру болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 222