Облыс әкімі Ералы Тоғжанов CSI консалтингтік компаниясының мамандарымен кездесеіп, бірлескен жобаның атқару механизмін қарастырды. Сарапшылар Маңғыстау облысына екі апта бойы мониторингін жүргізгендерін айтты. Соынмен қатар өңірдің даму тұжырымдамасында көрсетілген салаларға кеңінен тоқталды.
Сарапшылар негізгі деген 3 стратегиялық бастаманы ұсынды.
1. Өнеркәсіптің басым салаларын (өндіріс, агроөнеркәсіп кешені, туризм, көлік және логистика, шағын бизнес) дамыту арқылы экономикалық өсу мен жұмыспен қамтудың өсуі.
2. Сумен жабдықтау проблемаларын шешу, экология, білім беру және денсаулық мәселелерін шешу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
3. Өңірлік басқару жүйесін модернизациялау (мемлекеттік органдарды трансформациялау, «Smart City», мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру).
Сарапшылардың пікірінше, мұнай-газ саласы өңір экономикасы үшін маңызды рөлге ие. Сондықтан негізгі күш облыстың ЖӨӨ-де шикізаттық емес салалардың үлесін ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Басты басымдыққа ие секторлар: өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, туризм, көлік және логистика, шағын бизнес.
CSI компаниясының өкілі Олжас Құдайбергенов айтуынша, «Маңғыстау облысы негізгі капиталға аударылатын инвестицияның мөлшері бойынша Республикада 9 орында тұр. Сондықтан инвестиция тарту үшін белсенді күш салу қажет. Және де теңіз порттары саласында көліктік-логистикалық хабының функциясын күшейту. Өңірдегі өңдеуші өнеркәсібін басым салаларға байланыстырмай-ақ дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін мал шаруашылығын дамыту арқылы өнім көлемін арттыру. Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылық саласынының әлеуетін 10 есеге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, экотуризмді дамыту, отандық және шетелдік туристер санын арттыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыру үшін ұсынамыз әзір деді.
Жиын соңында өңір басшысы Ералы Тоғжанов мониторинг нәтижелеріне сәйкес белгілі бір проблемалық мәселелердің шешімін қамтамасыз ету үшін тиісті органдардың басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Қайнар көзі: mangystau.gov.kz