Қазақстан мен Беларусь мемлекетаралық ынтымақтастықтың жағдайын және перспективаларын талқылады.20-21 шілде аралығында Гомель қаласында (Беларусь Республикасы) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Б.А.Сағынтаевтың және Беларусь Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары В.С.Матюшевскийдің төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтті.
Отырысқа қатысушылар өнеркәсіп, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, аэроғарыш, энергетика, мәдениет салаларындағы серіктестікті әрі қарай нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Тараптар уағдаластықтардың жүзеге асырылуын күшейтуге келісті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының Хаттамасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Қайнар көз: invest.mid.gov.kz