АЭА қатысушыларына тиімді қаржыландыру жолдары таныстырылды

“Ақтау теңіз порты” АЭА аумағында инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған пайдалы кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау және кепілдендіру бағдарламалары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Кездесу «Даму» қорының бағдарламаларын түсіндіруге және арнайы экономикалық аймақта жобаларын жүзеге асырып жатқан инвесторларға қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстыруға арналды. Шараға екінші деңгейлі банк филиалдарының өкілдері қатысып, өздерінің қаржылық құралдары мен бизнеске арналған тиімді ұсыныстарын таныстырды.

Атап айтқанда, «Еуразиялық Банк» АҚ атынан Ургешова Балжан мен  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Сейдахмет Нұрлыбек Ержігітұлы бизнеске арналған қаржылық өнімдер мен қолдау мүмкіндіктерін таныстырды.

Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуге арнайы экономикалық аймақ қатысушылары белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен банктер ұсынатын қаржыландыру құралдарының тиімділігі талқыланды.

Мұндай кездесулер өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлер мен қаржы институттары арасындағы байланысты нығайтуға және жаңа жобаларды іске асыруға серпін береді. 

Желілерде бөлісу:

  • 1035