ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті. Бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүрді. Сондай-ақ, Өзбекстанның өнеркәсіп және тұтыну тауарларының көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, банк, инвестиция және басқа да салалар бойынша 100-ге тарта компаниясы қатысты. Жалпы форумға шамамен 500 кәсіпкер және екі жақтың ұлттық компаниялары мен мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты. Өзбекстан тарапынан 250 компанияның өкілдері келді. Қазақ-өзбек бизнес форумы алаңында бір инвестициялық жоба мен экспорттық сауда саласына қатысты 9 құжатты қосқанда барлығы 10 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиеевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі жақтың кәсіпкерлері автокөлік жасау, мұнайгаз, ауыл шаруашылығы мен химия өнімдерін жеткізу бойынша жалпы сомасы 834 млн АҚШ долларын құрайтын барлығы 92 құжатқа қол қойды.

Қол қойылған құжаттардың ішіндегі ең салмақтысы Өзбекстанда шығарылатын автокөліктердің өндірістік құрастырылуын ұйымдастыру жөніндегі келісім, мұнайгаз саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісім және Өзбекстаннан жеміс-жидек пен өңделген жеміс өнімдерін жеткізу туралы шарт және  химия өнімдерін жеткізу туралы (аммика селитрасы мен карбамид) шарт және тағы басқа.

Бизнес-форумға қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5311