АҚТАУДА ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

Форум «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасаев, Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының Басқарма мүшесі Федор Дегтярев, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ атқарушы директоры Асхат Кабашев және Маңғыстау облысы мен Ресей Федерациясының бизнес қоғамдастығы мен ірі компанияларының өкілдері қатысты.

Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің бизнес қоғамдастығы өкілдерінің В2В кездесулері өтті, онда ірі кәсіпкерлер өздерінің қызметі, одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен потенциалы туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, облыстың өндірістік кәсіпорындары көрсетілді. Атап айтқанда, делегация «Қаражанбасмұнай» АҚ-да болып, облыстағы мұнай-газ компаниясының қызметімен танысып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар ресейлік компаниялар «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 9519