МАНҒЫСТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІМЕНСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

рус/eng 

 

2017 жылға қарай Түркіменстанмен Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы жалпы сауда көлемінде 4,6 млн. долларды құрады, оның ішінде экспорт - 1,6 млн. доллар, импорт - 3 миллион доллар.Маңғыстау облысында қара және түсті металл сынықтарын, азаматтық құрылыс, құрылыс тасын өндіруді көтермелеуде түркімен капиталының қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Қазақстан-Түркіменстан бизнес-форумы аясында Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаятының кәсіпкерлері кездесті. Түркімендік кәсіпкерлер Маңғыстаудан дәнді дақылдар сатып алуға қызығушылық танытып, арадағы экономикалық байланысты одан әрі дамытуға әзір екендерін ай  тты. Сондай-ақ кәсіпкерлер ауыл шаруашылық өнімдерін делдалдарсыз тікелей өндірушілерден сатып алу туралы келіссөз жүргізді.Ақтау трансформатор зауыты өз өнімдерін тікелей Түркіменстанға жеткізу туралы келісім жасасуға ниетті.Форумның қорытындысы бойынша 13 бағытта ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасалды.

«Ең алдымен, өнеркәсіптік секторға, әуе қатынасын, көліктік логистиканы, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты ұсыныстар қаралды. Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаятының екі елдің дамуына көмектесетін әлеуеті зор.Біздің ұсыныстар базасы түркімен тарапынан қаралып, жауап берілетін болады. Біз екіжақты қатынастарды дамытуға дайынбыз», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу кезінде талқыланған негізгі бағыттардың бірі көліктік-логистикалық хабты дамыту болды.Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен, Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздері Маңғыстау облысының аумағы арқылы өтеді.Қазақстанның батыс қақпасы ретінде «Ақтау порты» АЭА еліміздің әлемдік тауар нарықтарына шығуын қамтамасыз ететін маңызды рөл атқарады.Бұл туралы Маңғыстау делегациясының Түрікменбашы халықаралық сауда портына жасаған сапары барысында айтылды.

«Біздің теңіз порттары Азия мен Еуропа арасындағы бірегей буферлік мүмкіндікті пайдаланып, өзге елдерге жүк жіберуі қызметін кеңейтуі қажет. Бұл бағытта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы халықаралық DP World компаниясымен келісім жасасты. Сондай-ақ, биыл автокөлік жолдарына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбек. Ал ұсыным қабылданса, қыркүйек айында Кендірлі-Түрікменстан шекарасына дейінгі автокөлік жолын салуды қолға аламыз. Бұл 164 км жолдың 4-санаты. Түркіменстан тарапы аталмыш ұсынысты қолдауға ниетті», - деді Ералы Тоғжанов.

Түркіменстанға сапары барысында Маңғыстаулық делегация екі облыстың тауар өндірушілері ұсынған көрмеге қатысып, бизнес-қауымдастық өкілдерінің бірқатар екіжақты кездесулері өтті.Сонымен қатар, екі елдің арасында шағын футбол командалары арасында достық кездесу ұйымдастырылды.

Сапар соңында «Шекара талғамайды достық әні» атты екі жақты бірлескен концерт өтті. Оған Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, би тобы, әнші солистері, өнер шеберлері қатысты. Шара барысында облыстық тарихи өлкетану музейінің қолданбалы қолөнер көрмесі ұсынылды. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 6098