АСТАНА. ҚазАқпарат - «Маңғыстау облысында алғаш құрылған арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасауда. Ол 2002 жылы құрылған, инфрақұрылым 2009 жылы ғана салына бастады.
Тіркелген 31 АЭА-ның тек бесеуі ғана жұмыс жасайды. Енді инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізу қажет», - деді Н. Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында.
Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарлады.