Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды. Ол 2014 жылдан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. Ж.М.Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірді. Ж.Қасымбек әр жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылы наурызда ҚР Инвестициялар және даму вице- министрі болып тағайындалған.
Қайнар көз: invest.mid.gov.kz