Өмірбаяны
Тілеген Едігеев 1990 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, 2016 жылы КАЗГЮУ университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2013 жылы Ақтаудағы "Каспий Битум" БК" ЖШС қоймашысы болып бастаған.
2014-2015 жылдары "Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015-2020 жылдары "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы", "Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы" бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Ақтау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қараша айынан бастап "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ өңірлік өкілі қызметін атқарады.
Халықаралық марафондардың, жүгіру бойынша жартылай марафондардың қатысушысы, сондай-ақ "Ironman 70.3 Astana" триатлоннан жарыстың қатысушысы.