ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР, ИНВЕСТОРЛАР ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР!

Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік өкілдігімен бірлесіп инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде бизнес-қоғамдастықтардан инвестициялық жобалардың өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырады.

Ұсынылатын инвестициялық жобаларды іске асыру оларды Маңғыстау облысының аумағында жүзеге асыруды көздейді.

Инвестициялық жобалардың өтінімі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1. жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, жаңғырту мақсатында дайын бизнес-жоспарлар, жобалар беру;

2.   жаңа кәсіпорындар құру бойынша дайын бизнес-жоспарлары бар кәсіпорындардың бастамалары;

3. экономиканың мынадай басым секторларында бизнес-жоспарлар әзірлеуді талап ететін кәсіпкерлерден жеке бастамалар: (толтыруға арналған сауалнама қоса беріледі).

3.1. өңдеу өнеркәсібі

3.2. туризм

3.3. агроөнеркәсіп кешені

3.4. энергетика және сумен жабдықтау

3.5. денсаулық сақтау

Іріктеудің соңғы мақсаты коммерциялық тартымды жобалардың қалыптастырылған пулы болып табылады.

Бұл жобаларды бастапқы кезеңде облыс әкімінің орынбасарының басшылық етуімен жұмыс тобы қарайтын болады.

Екінші кезең облыс әкімінің төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық кеңестің отырысында іріктелген жобаларды бекіту болып табылады.

Үшінші кезең қажет болған жағдайда қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес жобалардың бизнес-жоспарларын әзірлеу болып табылады.

Барлық іріктелген жобалар қаржыландыруды тарту үшін отандық және шетелдік инвесторларға берілетін болады.

Өтінімдерді эл. поштаға жіберу қажет. пошта: invest@mangystau.gov.kz

Барлық туындаған мәселелер бойынша: +7 (7292) 31 48 89, 31 43 66

 

Желілерде бөлісу:

  • 7153