ҮКІМЕТТЕ МӘМС ЕНГІЗУ ҚАРАЛДЫ

ҚР денсаулық сақтау министрі реформа 1 шілдеде бастау алғанын және қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлердің жарналары мен жұмыс берушілердің аударымдары түсіп жатқанын баяндады.  

Жүйе жұмысында орын алуы мүмкін ақаулардың алдын алу мақсатында МӘМС енгізудің тәуекелдерін басқару бойынша іс-шаралардың кешенді ведомствоаралық жоспары бекітілгенін атап өткен жөн.

Жоспар 4 бөлімнен тұрады:

• мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,

• МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету,

• ақпараттық жүйелер және оларды ықпалдастыру,

• нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

Әрбір тәуекел бойынша оларды жоюға қажетті іс-шаралар анықталған.

Сондай-ақ, қазір МӘМС негізгі нормативтік-құқықтық актілері келісуден өтіп жатыр: көрсетілетін қызметтердің пакетін кеңейтуді көздейтін «ТМККК тізімін бекіту туралы» және «МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізімін бекіту туралы» Үкімет қаулылары.

Бұдан өзге, МӘМС ақпараттық жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бірлескен жұмыс жүргізуде.

Салымдарды өздерінің орнына мемлекет төлейтін тұлғаларды есепке алу «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған жүйесі негізінде 14 санат бойынша жүргізіледі. Оған ЕХӘҚМ 5 ақпарат жүйесінің мәліметтері мен ҚР ІІМ, БҒМ және ДСМ базаларының мәліметтері ықпалдастырылады.  

Нәтижесінде, барлық ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тіркелімі» жүйесіне жүктеледі және азаматтардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтау үшін барлық медициналық ұйымдарға қолжетімді болады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларынан «түсіп қалуы» мүмкін азаматтар үшін өтініш түрінде ХҚКО арқылы өзінің нақты санатқа жататынын растау мүмкіндігін жасау ұсынылуда.

Елжан Біртанов сондай-ақ МӘМС енгізудің осы кезеңінде Денсаулық сақтау министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктерінің түрлі мақсатты топтармен кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасып жатқанын баяндады. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 6851